Жаңалықтар

Отандық екпе әйелдерді жүкті ете ме? 

5
(1)

 

Жүргізушіге бала көтере алмаған  онға жуық келіншек вакцина салғызған соң, аяғы ауыр болғанын айтып,  ғалымдарға алғысын жаудырыпты. Бірі дәрінің бір дозасын алып, тағы екеуі екпенің қос компонентін қабылдағаннан кейін  бала көтергенін растаған. Сонда індетке қарсы препараттың осындай ерекше әсері бар ма? Әлде бұл жай ғана сәйкестік пе? Әріптесім вирусқа қарсы отандық вакцина өндірген ғалыммен тілдесіп, көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап іздеп келді. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміз індетке қарсы өзінің екпесін өндіріп, оны пайдалануға енгізген әлем бойынша алтыншы мемлекет. Бүгінде аталған препараттың 100 мың дозасы шығарылып,  тиісті мекемелерге жеткізілген. Әрине, вакцинаны өндіру қарқыны әлі баяу болғанымен,  өндірушілер шілдеге қарай елде екпенің 500 мың данасы шығарылады деп сендірді.

Күнсұлу ЗАКАРЬЯ, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры

Өндірілу ол негізі Қазақстанда болады да, оны флакондарға құю мәселесі ғана шешіліп жатыр. Бүгінгі күні екі орын қазақстанда дайындалып жатыр. Сол шілде айына дейін бұлар үлгерсе, Қазақстанда өндіріледі, ал үлгермесе, Түркияға жіберіледі»

Қазір препарат сынақтың 3-ші фазасынан өтіп жатыр. Егер екпенің ешқандай жанама әсері байқалмаса, ол дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми тіркеуінен өтеді.  Әзірге қазақстандық вакцинаға шағымданған бір-ақ отандасымыз бар екен. Алматылық 77 жастағы қария екпе қабылдаған соң, бірнеше күн бойы аяғын баса алмай қалғанын айтқан еді. Алайда өндірушілер бұны екпенің кері әсері деуге келмейді, дейді.

Күнсұлу  ЗАКАРЬЯ, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры

Ол адамның қант диабетімен ауырғаны я ауырмағаны, созылмалы аурулары бар ма жоқ па, соны анықтайтын боламыз. Негізі біздің вакцинаның ешбір кері әсері байқалмаған».

Бүгінде отандық екпеге әлем елдері де қызығушылығын білдіріп жатыр екен. «QazVac» препаратына Пәкістан, Оңтүстік Америка, оның ішінде Уругвай, Бразилия мен Парагвай елдері, көршілеріміз өзбек пен қырғыз ағайындардан ұсыныстар келіп жатыр. Дегенмен…

Күнсұлу  ЗАКАРЬЯ, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры

Үшінші клиникалық деңгей бітпегенше біздер ол сұрақтарды қарастыра алмаймыз. Толық зерттеулер аяқталуы тиіс».

Енді отандық екпе жайлы ең қызық мәліметке келсек.  Алматы және Тараз қаласындағы онға жуық келіншек вакцинаны салдырған соң жүкті болған. Бірі 20 жылдан астам уақыт бала көтере алмай жүрген екен.

Күнсұлу ЗАКАРЬЯ, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры

Ол мүмкін вакцинадан да болар. Ол басқа да жағдайлардан да болуы мүмкін. Дегенмен факт. Вакцинациядан кейін осындай тіркелгендеріміз бар»

Алайда, осы дерекке нақты екпенің қатысы бар я жоқтығын әзірге дәлелдеу қиын. Өйткені жүкті келіншектер клиникалық зерттеулерге қатыспайды. Қалай болғанда да, бастысы енді дүниеге дені сау бөпелер келсе болғаны.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button