Жаңалықтар

Биыл Жеңіс күніне орай әскери парад өте ме?

5
(1)

 

Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирустық инфекция бойынша жағдайдың тұрақталмауына байланысты Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери парад болмайды. Парадтың орнына қандай іс-шаралар өтетіні туралы әзірге айта алмаймыз», – деп түсіндірді қорғаныс министрлігі.

Еске салсақ, 2020 жылы да Қазақстанда коронавирустық пандемияға байланысты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өтпеді.

Бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Бірақ ардагерлер назардан тыс қалмады. Оларды ел басшылығы, шенеуніктер, әскери қызметкерлер, еріктілер, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар құттықтады.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. 8 мамыр – сенбі. 9 мамыр – Жеңіс күні-жексенбіге келеді, сондықтан мереке демалыс күні дүйсенбі, 10 мамырға ауыстырылады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button