ЖаңалықтарСаясат

Айдос Сарым: Мәди – шын мәнінде дұрыс адам

5
(2)

«Фейсбукстан тұрғындарының ойын өзгерту мүмкін емес екенін білемін. Бірақ Мәди Ахметов туралы айтуым керек». Facebook-те Айдос Сарым елбасына көзі тірісінде ескерткіш қойғысы келетін жас мәжілісмен туралы осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

«Мәди Ахметовпен Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінде жұмыс істедік. Енді Парламент қабырғасында жұмыс істейік деп отырмыз. Мәди – шын мәнінде дұрыс адам, жастардың лидері. Партиялық тізімге сөйлеген сөздері үшін емес, атқарған нақты жұмыстарының арқасында енді. Не айтса да ол өзінің пікірі ғой», – дейді Сарым.

Бұдан ары пост авторы Мәдиге өзінің ағалық ақылын айтқан.

Мәди, қоғамның сөзіне құлақ аспай-ақ қой. Уильям Уоллас туралы Мел Гибсон түсірген фильмде ұлына билігін тапсырып жатқан корольдің мынадай қанатты сөзі бар: «Егер сені қарғап-сілеп жатса, сен саясатқа дайынсың!» – дейді ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button