ЖаңалықтарСаясат

VІ шақырылым депутаттары несімен есте қалды?

0
(0)

Енді бір-екі күнде VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттілігі аяқталады. Нұрлан Нығматулин төрағалығымен жұмыс істеген халық қалаулылары бұрнағы жылдарды есепке алмағанда, 2020 жылдың өзінде жүздеген заң жобаларын талқылап, мыңнан астам мәселе қарапты.  Бес жыл бойы жұмыс істеген бұл мәжілісмендер несімен есте қалды? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Құдай сақтасын! Ракета емес, бөлінетін бөліктерін. Екінші рет айттыңыз. Ракета құлап жатқаны емес.  Кешіріңіз, Нұрлан Зайруллаұлы..».

Соңғы бес жылда Мәжілісте ракетаны құлатып, «бомба» жарған министрлер көп болды. Мысалы,  солардың бірі  – Ауыл шаруашығы министрі. Сапархан Омаров  Байқоңырдағы Ресейдің иелігінен қайтарылатын жер аумақтары мен ондағы зымыран қалдықтары мәселесін шешу жолдары туралы заңды қарау кезінде сөзден талай қағылған еді. Онымен қоса өзге министрліктің өкілдері де ыңғайсыз жағдайға қалды.

Санжар ЖӘРКЕШОВ,  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің орынбасары

«Қалған бөлшектерді зымыран ұшырылған соң осы екі компания зымыран қалдықтарын түскен жерлеріне барып жинап алады».

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл баяндамаларды қайта-қайта бөліп, қағаз күйінде мінсіз орындалатын шаруаның іс жүзінде қалай болатынын беттеріне басып еді.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

«Сіздің мамандарыңыз құлап жатқан бөліктерге барғанша ауылдағы ағайын оның бәрін жинап, қораларға кіргізіп, екі-үш күн пайдаланып жүреді, білесіз бе? «Біз радиодан хабар жібереміз» дейсіз. Тыңдамайды оны!».

Облыс әкімдері Мәжілістің осы шақырылымы бекіткен заңнан соң,  бюджет қаражатын игеріп қана қоймай, толықтырудың жолын іздеуге мәжбүр болды. Шағын және орта бизнестің корпоративті табыс салығын республикаға жібермей өңірлерде қалтырып, жергілікті бюджетке бұру туралы заң жобасы қабылданғанда, депутаттар өңір басшылары «алма піс, аузыма түс» деп отыратынын сынға алған еді.

Уәлихан ҚАЙНАЗАРОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты
«Бізде атқарушы органдар үйренген тек қана қаражатты жұмсауға соңғы жылдары. Табыс көзін көбейту естерінен шығып кетті.  Сондықтан осыны көру керек. Соған сәйкес, кадр болу керек.  Себебі, қаражатты игеру бір бөлек, ал оның көзін көбейтіп табыс түсіру екінші мәселе.  Осыған мән беретін болсақ оң нәтиже, оң көрсеткіш береді деп ойлаймын».

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар көпті алаңдататын мәселелерді қозғананын көзіміз көрді. Мысалы,  Дания Еспаева мемлекеттік қарыздың жыл сайын өсіп келе жатқанын айтып, бұл қарқынмен 2025 жылға қарай үкіметтің қарызы 25 триллион 692 миллиард теңгеге жететінін ескерткен болатын.

Дания ЕСПАЕВА, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты

«Ел үкіметі ұсынған мәліметке сүйенсек, 2020 жылдың өзінде мемлекеттік қарыздың көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 29,2 процентті құрайды. Қарыз сомасы өскендіктен, республикалық бюджетке түсетін салмақ та артады. Себебі, оны өтеуге қажетті шығындар өседі».

Соңғы жылдары балалар мен жасөспірімдерге қатысты сексуалды қылмыстардың артуы қоғам наразылығын тудырған еді. 6-шы шақырылым депутаттары педофилдердің жазасын қатаңдатып, рақымшылыққа ілінбейтіндей етіп заңға өзгеріс енгізді.

Парламент Мәжілісінің 6-шы шақырылымы өз жұмысын тәмамдауына 2 күн қалды. Жақында өткен сайлаудан кейін жаңа мандатқа ие болғандар 2025 жылға дейін заң шығарушы органның төменгі палатасынан орын алады. Ішінде екінші рет тізімге ілініп, қайтып оралатындары да бар. Еске салайық, 15 қаңтар күні Мемлекет басшысы жаңа Парламент алдында үндеу жариялайды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button