Түркістан: 25 мыңнан астам балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді

 297 

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркістан облысы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына атаулы әлеуметтік көмекпен (АӘК) қоса кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) берілуде.

Топтаманың құрамындағы азық-түліктер мен гигиеналық құралдар балалардың жасына қарай бекітіледі.
Айта кетерлігі, 2020 жылы облыста аз қамтылған отбасыларға арналған атаулы әлеуметтік көмек үшін – 23,1 млрд. теңге, кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға – 6,9 млрд.теңге бөлінген.
Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 19,8 мың отбасыға немесе 111,9 мың адамға 2,3 млрд.теңге көлемінде АӘК тағайындалды. Сондай-ақ, 1 жастан 6 жасқа дейінгі жалпы саны 25 125 балаға 319,2 млн. теңге көлемінде кепілдендірілген әлеуметтік топтама (КӘТ) берілген. Оның ішінде, ай сайын 1 жас пен 3 жас аралығындағы – 10 074 сәбиге және 3 жас пен 6 жастағы – 15 051 балаға азық-түлік үлестірілсе, 1-6 жастағы – 24 919 балаға гигиеналық жиынтық берілген.

Бөлісу:


Және де: