ЖаңалықтарТүркістан облысы

Түркістан: Түлкібас ауданында демеушілер есебінен 108 шақырымды құрайтын каналдар тазалаудан өтуде

0
(0)

Түлкібас ауданы әкімінің өткен жылды қорытындылау мақсатында елді мекен тұрғындарымен кездесуінде тұрғындардың басым көпшілігінің көтерген мәселесі үй іргелік аумаққа ағынды су келуін қамтамасыз ету болатын.

Бұл бағытта бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен бірқатар жұмыстар іске асырылуда. Нақты айтар болсақ, демеушілер есебінен аудан аумағындағы 108,3 шақырымды құрайтын 32 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 2997 гектар жерге ағын су барып, 2960 үйдің іргелік жерлері қайта айналымға қосылатын болады.
Бұл бағытта жұмыстың жандануы ауыл аймақтарда тұратын тұрғындардың әл-ауқатының артуына тікелей ықпал етпек. Себебі, ауыл тұрғындарының үй іргелік жерлеріне егін егіп, өнім алуына мүмкіндік тумақ.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close