Жаңалықтар

108 жыл бұрын 14 сәуірде «Титаник» апатқа ұшыраған

0
(0)

Бүгін  бенгал қауымы жаңа жылды атап өтеді. Пахела Байшакх бенгал тілінен аударғанда алғашқы айдың бірінші күні дегенді білдіреді. Бангладеште бұл күнге ұлттық мереке мәртебесі берілген. «Бойшак» айы келгенде аталып өтеді. Бұл күні адамдар күн шығысына дейін ерте оянып, ең әдемі киімдерін киеді. Туыстары, жақындары, достарымен кездеседі. Қаладағы саябақтарға барып, бұл күнді барынша ауқымды атап өтеді.

Грузияда ана тілі күні аталып өтеді.  Бұл мереке 1978 жылы грузин тілін мемлекеттік тіл мәртебесінен айырмақ болған шешімге қарсы өткізілген шеру құрметіне орай белгіленген.
Әлемде болған тарихи оқиғалар

1894 жылы алғаш рет жұртшылыққа Эдисон кинопроекторы таныстырылды;

1900 жылы Парижде Еуропадағы ең ірі халықаралық көрме ашылды;

1912 жылы «Титаник» мұзтаумен соқтығысты

1983 жылы Ұлыбританияда алғашқы радиотелефон сатыла бастады.

Елде  болған тарихи оқиғалар

 1993 жылы Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңы қабылданды;

1997 жылы Қазақстанның «Атом энергиясын пайдалану туралы» заңы қабылданды;

2001 жылы Қазақстан президенті жарлығымен Алматы облысының әкімдігі Талдықорғанға көшірілді;

2005 жылы Қазақстан студенттерінің Альянсы құрылды;

2010  жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Шығыс-Батыс» институты ұсынған Бейбітшілік сыйлығы берілді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close