90 мың адамды түрмеден босатады

 731 

Түркия парламенті коронавирусқа байланысты 90 мыңға жуық адамды түрмеден босату туралы заңнаманы мақұлдады. Бұл құжаттың қабылдануын 279 адам қолдап, 51 депутат қарсы шыққан, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірақ дереккөз мәліметінше, құқық қорғаушылар мен белсенділер Түркия билігін сынға алып жатыр. Себебі бұл заңнама саяси айыптармен сотталғандарға қатысты емес екен.

Сондай-ақ, дауыс беру алдында Түркияның әділет министрі Абдулхамит Гюльдің коронавирус анықталған үш сотталушының түрмеде қайтыс болғанын хабарлағаны айтылады.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Түркияда 61 049 адам COVID-19 жұқтырған. Осыған байланысты Түркия билігі қатаң шектеу шараларын қабылдап жатыр.

Мұның алдында Иран билігі де коронавирусқа байланысты 85 мың адамды түрмеден босатқан еді.

Бөлісу:


Және де: