Алматы қаласыЖаңалықтар

Алматыда жоғалып кеткен 7 баланың анасы мас күйінде табылды

0
(0)

Алматыда із-түссіз жоғалған 7 баланың анасы табылды. Әйелді бірнеше күн бойы туыстары мен достары іздеп келген еді. Олар көп балалы ананың қаладағы бақылау-өткізу пункттерінің бірінде із-түссіз жоғалып кетті деп мәлімдеген, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдің құрбысымен бірге болғандығы белгілі болды. 35 жастағы Мәриям 11 сәуірде жоғалып кеткенін білген жақындары полицияға оның 7 сәуірден бері туыстарымен байланысқа түспегенін айтқан.

Содан кейін әйел жатақханадағы жұмысын аяқтағаннан кейін Алматыдан кетуге тырысқаны белгілі болды, бірақ оған бақылау-өткізу пунктінен өту рұқсат етілмеген. Кешкі сағат 16 шамасында әйел қаладан шыға алмай, Алматыға оралды. Туыстары оны үйінде жеті баласы күтіп отырғанын атап өткен еді.

Әйел Қарасай ауданындағы Көксай ауылынан табылды. Полицияның мәлімдеуінше, табылған уақытта әйел мас күйде болған. Ол телефоны сынып қалғандықтан жақындарының қоңырауларын жауап бермегенін айтты.

Полициядағылар мұндай мінез-құлық адамның жауапсыздығын көрсететінін хабарлады.

«Бүкіл қоғам оған жанашырлық танытып, жақсы хабар күтіп отырғанда анасы 7 баласын тастап, құрбысымен ішімдік ішіп жүр», – деп хабарлады Алматы полициясы.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Back to top button