Жаңалықтар

Астанада Махатма Гандидің ескерткіші ашылды

Елордада Махатма Гандиге ескерткіш қойылды, деп хабарлады Newsroom.kz тілшісі.

Салтанатты іс-шараға Үндістанның Сыртқы істер және мәдениет министрі Минакаши Лекхи, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Жарасбаев Серік қатысты.

Үндістандық беделді саясаткердің ескерткіші Есіл өзенінің бойындағы аллеяға орнатылды.

Іс-шара Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған.

«Бүгінде бұл мүсіннің орнатылуы өте маңызды. Өйткені Үндістанның тәуелсіздігіне 75 жыл толды әрі қос ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 30 жыл толып отыр. Астанадағы Махатма Гандидің мүсіні халықтар арасындағы достық пен ынтымақстастықты нығайта түседі», – деді Минакаши Лекхи.

Айта кетейік, Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің арнайы өкілі, сыртқы істер және мәдениет министрі елордада өтетін АӨСШК саммитіне қатысу үшін келді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.