Лоторея ұтысын ақшаға айналдыруға кезекте тұрған кісі джекпот жеңіп алды

 155 

АҚШ-тың тұрғыны лоторея ойнап, ұтысқа жеткен. Ұтысты ақшалай ауыстырмақ ниетпен кезекте тұрады. Тағы да бағын сынап көрмек болған ол, джекпотты ұтып алады, –  деп жазады NewsRoom+ тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

UPI американдық басылымның мәліметінше, АҚШ-тың Вирджиния штатының тұрғыны Джеф Мелик карантин режимінің аяқталуын және төтенше жағдай жеңілдетіліп, халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуын асыға күтеді. Ондағы мақсаты лотореядан 7 мың доллар ұтып алған болатын. Сол ұтысын ақшаға айырбастамаққа ниетті еді. Кезекте тұрған ол екінші рет бағын сынамақ болады. Осылайша ол лотореядан ең басты ұтыс джекпотты ұтып алады. Сөйтіп ол бір сәтте 178 мың доллардың иегері атанды.
Кездейсоқ бақытқа ие болған Джеф Мелик ұтыс қаржысының тең жартысын, мұқтаж жандарға қол ұшын созбақшы екен.

Бөлісу:


Және де: