Жаңалықтар

Қазақстан премьер-министрінің әкесі қайтыс болды

0
(0)

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің әкесі Ұзақбай Мамин қайтыс болды.

2021 жылы 13 маусымда еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы және Ақмола облысының құрметті азаматы Ұзақбай Жапарұлы Мамин дүниеден өтті.

Ұзақбай Мамин 1937 жылы 1 наурызда Ақмола облысы Ерейментау ауданының Благодатное ауылында туған.

Құрылыс саласында шеберден бастап «Целиноградэлеватормельстрой», «Целинсантехмонтаж» трестері, Целиноград облысының агроөнеркәсіптік комитетінің құрылыс кешені сияқты бірқатар құрылыс ұйымының басшысына дейінгі ұзақ еңбек жолынан өтті.

Ерен еңбегі мен жұмыстағы жетістіктері үшін Халықтар достығы және «Құрмет» ордендерімен марапатталған. Кейінгі жылдары Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлер кеңесінде белсенді еңбек етті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button