Жаңалықтар

Бас консул Ы. Дәуренбек Омбының экс-губернаторымен кездесті

3
(2)

2021 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек «Рухани мұра» («Духовное наследие»)  өңірлік қоғамдық қорының жетекшісі Леонид Полежаевпен ізеттілік кездесті. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы консулдығына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында COVID-19 пандемиясына байланысты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы пікір алмасылды. Сонымен қатар, сұхбаттасушылар Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Леонид Константинович Полежаев – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Омбы облысының экс-губернаторы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button