COVID-19 vs QazaqstanЖаңалықтар

Вакцинаның әсері: QazVAC салдырғаннан кейін қолы мен аяғы жансызданып қалған

4.8
(5)

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры Бақыт Тұяқбаева коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін қолы мен аяғы жансызданып қала беретінін байқаған. Осындай күндердің бірінде ол құлап, жамбас сүйегін сындырды. Бұл туралы оның ұлы Олжас Тұяқбаев айтты, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Бақыт Тұяқбаева 77 жаста. Ол Құрманғазы атындағы консерваторияның профессоры және жүздеген оқушы, оның ішінде танымал дирижерлер одан тәлім алған. Оның ұлы Олжас зейнеткер коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасын салдырғанын айтады. Ол бірінші компонентті 5 мамырда клиникада ектірген.

«Дәрігерлер таңдау жасауға мүмкіндік беріп, біз қазақстандық вакцинаны таңдадық. Анаммен ауруханаға бардым, өтінішін өзім толтырдым. Екпеден кейін жарты сағатта бәрі жақсы болды, сосын қолы мен аяғы ұйып қалды. Дене қызуы көтерілмеді, аллергиялық реакция болмады, бірақ жүру қиын болды. 10 мамырға дейін үйде біздің бақылауымызда болды. Бірақ бес минут қарамай қалып едік, құлап қалды – аяғына тік тұра алмады», – дейді Олжас Тұяқбаев.

Олжастың сөзінше, Бақыт Тұяқбаева құлап қалғаннан кейін ол жамбас сүйегін сындырып алған, әйел адам № 4 қалалық клиникалық ауруханада операция жасатты. Оның туыстары бұл вакцинаның салдары екеніне сенімді.

«Өндіруші жас шектеуі жоқ деп хабарлады, сондықтан қазақстандық вакцинаны салдыруды ұйғардық. Өндіруші сипаттаған қалтырау, аллергия, қызу көтерілуі тәрізді белгілер болған жоқ. Вакцина аяғы мен қолына әсер етті», – дейді ұлы.

QazVac вакцинасын әзірлеумен БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының қазақстандық ғылыми-зерттеу институты (БҒЗИ) айналысқан. Олжастың сауалына жауап ретінде өндіруші клиникалық сынақтарға 50 жастан асқан адамдар қатысқанын айтқан. Бірақ мұндай жанама әсер ешкімде байқалмаған. Вакцинация жүргізген дәрігерлер медициналық тарих жасап, асқынудың бүкіл кезеңінде клиникалық жағдайды бақылап, хаттама толтыруы керегін айтты.

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Иә, ол 5-і QazVac вакцинасын салдырды. 6 мамырда оған тексеру үшін емханадан терапевт барды. Науқас дәрігерге есікті өзі ашты. Көңіл-күйі жасына сай тіркелді. Вакцина алғаннан кейін қозғалу қабілетін жоғалтты деген тұжырымды туыстары айтып отыр. Қазір оның жағдайы операциядан кейін тұрақты», – деді басқармадағылар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.8 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button