ӘлемдеЖаңалықтар

Джо Байден Тоқаевқа хат жолдады

3.9
(14)

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ президенті Джо Байденнен Наурыз мерекесіне орай құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Newsroom+ақпарат агенттігі Ақорда-ға сілтеме жасап.

— Биыл ҚР өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Сізді осы атаулы оқиғамен құттықтай отырып, АҚШ Президентінің Әкімшілігі өзіңізбен және Қазақстан халқымен етене жұмыс істеуге зор мән беретінін айтқым келеді. Ұзақ жылдар бойы біз ядролық қаруды таратпау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бағытындағы тығыз серіктесті қолдап келеміз.

Менің Әкімшілігім стратегиялық серіктестігімізді тереңдетуге және бұдан 5 жыл бұрын Мемлекеттік хатшы Джон Керридің қатысуымен басталған «С5+1» диалог процесін жалғастыруға мүдделі, делінген Джо Байденнің жеделхатында.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.9 / 5. Бағалар саны: 14

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Бір пікір

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button