Жаңалықтар

Алексей Цой дәрігерлердің жалақысы 800 мың теңгеге дейін өсетінін айтты

0
(0)

Қазақстанда медицина мамандары 200 мың теңгеден бастап, 800 мың теңгеге дейін жалақы алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

«2020 жылы медициналық қызметкерлерге 113 млрд теңгеден астам көлемде әлеуметтік төлем жасалды. Бүгінде медициналық қызметкерлер 200-800 мың теңге көлемінде жалақы алады. Яғни өткен жылы дәрігерлердің жалақысы 30%-ға артты. Осы орайда республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Ал президент бұл бастаманы қолдады. Дәрігерлердің жалақысын өсіру үрдісі жалғасын табады, себебі мемлекет тарапынан қолдау бар», – деді министр Цой.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button