ЖаңалықтарСайлау 2021

Қазақстан халық партиясынан мәжіліске өткен депутаттар кім?

0
(0)

Қазақстан халық партиясы атынан парламент мәжілісінің жетінші шақырылымына өтетін 10 депутаттың аты-жөні жарияланды.

Сәрсенбіде өткен съезде партия мүшелері өткен сайлаудың қорытындысын талқылады. Осылайша, депутат мандаты былай бөлінді:

  1. Айқын Қоңыров
  2. Жамбыл Ахметбеков
  3. Ирина Смирнова
  4. Айбек Паяев
  5. Сергей Решетников
  6. Файзулла Каменов
  7. Ғазиз Құлахметов
  8. Ерлан Смайылов
  9. Александр Милютин
  10. Айжан Сқақова

10 қаңтардағы сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан мәжілісіне үш партия – Nur Otan (71,09%), «Ақ жол» (10,95%) және «Қазақстанның халық партиясы» (9,1%) өтті. Осылайша, бұған дейін де Қазақстан парламенті құрамында болған партиялар жеңіске жетті, алайда мәжілістегі орын саны өзгерді.

Бұған дейінгі шақырылымда Қазақстан халық партиясының жеті мандаты болса, жаңа шақырылымда он адам болады. Бұған дейін Nur Otan партиясында 84 (76 мандат – жаңа шақырылымда), «Ақ жол» партиясында 7 (12 мандат –жаңа шақырылымда) адам болды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button