Алматы қаласыЖаңалықтар

Алматы әкімдігі 118 млн теңгені не үшін жұмсамақ?

5
(1)

Алматыдағы бейіттерге биыл жергілікті бюджеттен 118 миллион теңгеден асатын қаржы бөлінген. Әкімдік өкілі бұл ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Қомақты қаражатқа шенділер қала аумағындағы 70 қорымның кем-кетігін жөндемек. Айтуларынша 26-сында қазір орын жоқ болғандықтан жабылыпты. Бірақ оларды да қоқыстан тазартпақшы. Апатты жағдайдағы ағаштар мен бұталарды кесуге де жұмсамақ.

Бізде Алматы қаласы бойынша 70 қорым бар. Ол жерлердің санитарлық жағдайы Жетісу ауданы әкімдігі аппаратының мойнында. Биыл 118 миллион 500 мың теңге осы қорымдарды қалыпқа келтіру үшін жергілікті бюджеттен бөлінді. Нақтырақ айтқанда бір қорымға 17 мың теңгеге жуық ақша кетеді деп отырмыз», – деді Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Әлішер Сатыбалдиев.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button