Жаңалықтар

Коронавирустың жаңа штамы кезінде балаларда қандай белгілер болады?

0
(0)

Коронавирустың жаңа штаммын жұқтырған балалардың 30%-ының тәбеті жоғалады. Вирустың мұндай белгілері көбінесе 1 жасқа дейінгі балаларда байқалатын көрінеді. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшылардың айтуынша, коронавирустың «британиялық» штаммын жұқтырған балаларда бірқатар айрықша белгіні анықтауға болады.

Сарапшылар айтып өткендей, вирус жұқтырған балалардың басым бөлігі тез шаршап қалатын көрінеді. Сонымен қатар тұйық болып қалатындары да бар екен. Індетке шалдыққан емізулі балалар әдеттегіден қатты жылап, жұбатқанға көнбеуі мүмкін.

Бұдан бөлек балалардың дені басы ауыратынын айтып шағымданса, кейбіреулері іші ауыратынын айтқан. Дәрігерлер балалардың осындай шағымдарын елеусіз қалдырмауға шақырады.

Жұқпалы ауру жұқтырған балалардың тең жартысында 37 градустан жоғары температура жиі анықталады, – деп атап өтті маман.

Сондай-ақ тамақтың ауруы вирусты жұқтырғанның бір белгісі болуы ықтимал.

Дәрігерлердің сөзінше, вирус жұқтырған 1 жасқа дейінгі балалардың 35 пайыз шамасында тәбет жоғалады.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button