Алдағы күндері ауа райы 26 градусқа дейін күрт ысиды

 422 

Қазгидромет 14-16 сәуірге арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.

«Қара теңізден келетін антициклон біртіндеп Қазақстан аумағына жылжи бастайды. Осыған байланысты ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Түнде ауа температурасы кейбір облыстарда теріс мәнге дейін төмендейтін болады, күндіз көктемгі жылы күн ауаны плюс 15…26°С дейін қыздырады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі», – делінген ауа райы болжамында.

Бөлісу:


Және де: