Жаңалықтар

Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үш әйелінен туған балаларының басын қосты

Белгілі актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықов ораза айында үш әйелінен туған балаларының басын қосқан, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ол әлеуметтік желіге жазба жариялап, балаларымен түскен фотосын салған. Суретте бірінші әйелі, әнші Айгүл Иманбаевадан туған баласы Асылжанды, екінші әйелі Алтынай Жорабаевадан туған қызы  Айнара мен үшінші әйелі Динарадан туған екі ұлын байқауға болады.

Ораза қабыл болсын! Аллаға сансыз шүкір. Асылжан, Айнара, Хақназар, Абадан Абдумулиевтер, – деп жазды Сәбит Әбдіхалықов.

Суреттің астына біраз адам пікір қалдырған. Әрине, оқырмандардың ойлары екіге жарылған.

«Өмір ғой енді», «Алла осы пезенттеріңнің рахатын көруді нәсіп етсін бауырым», «Айгүл мен Алтынайдан туған балаларын да отыр екен, дұрыс болған», «Сәбиттің тағдыры солай болған шығар», – деген пікірлер бар.

Актер бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде үш әйелі үш рудың қызы екенін де айтып қалған. Оның үш жұбайы да өнер адамдары.Бұрын екі әйелімен шоу-концерттер ұйымдастырған. Енді ондай болмайды деп айтты.

Мен қазір шоу-бизнеске араласпаймынн. Сондықтан үш әйеліммен бірге шоу жасайтын ойым жоқ. Бұрын Айгүл мен Алтынайды шоу жасау үшін, ақша табу үшін бірге алып шықтым. Енді оның қызығы жоқ, – дейді Сәбит Әбдіхалықов.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.