Катар әуекомпаниясы түрлі елдердің дәрігерлеріне 100 мың ұшақ билеттерін сыйлайды

 113 

Qatar Airways коронавирусқа қарсы «майданда» алдыңғы шепте болған медицина қызметкерлерінің ерліктері үшін алғыс ретінде 100000 тегін билетті сыйлыққа береді, – деп хабарлайды NewsRoom+  тілшісі Stan.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл ерекше акция 12 мамырда басталып, 18 мамырда Доха уақыты бойынша 23:59-да аяқталады. Медицина қызметкерлеріне qatarairways.com/ThankYouHeroes веб-сайтында тіркеуден өтіп, кезекпен ұсынылатын бірегей промо-кодты алу үшін анкета жіберуі керек.

Әлемнің кез-келген елінің медицина қызметкерлері билет алуға құқылы. Процестің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін әр елге халық санына байланысты 12 мамырдан 18 мамырға дейін жеті күн ішінде билеттерді жібереді.

Промо-кодты алған медицина қызметкерлері эконом-класстан екі тегін билет ала алады – біреуі өздері үшін, ал екіншісі – серігі үшін, сонымен қатар олар әуекомпанияның ғаламдық желісінің кез келген жеріне билетті барып және қайтып келу үшін тегін алады. Билеттерді 26 қарашаға дейін брондау керек, сіз оларды 2020 жылдың 10 желтоқсанына дейін пайдалана аласыз.

Бөлісу:


Және де: