Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті коронавирусқа қарсы вакцина салдырған соң екінші күні қайтыс болған алматылық медқызметкердің өліміне қатысты мән-жайды айтып берді.
Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесіп эпидемиологиялық тергеу жүргізді.
«Тергеу барысында пациент Ресейде әзірленген және Қарағандыда өндірілген «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін салдырғаны анықталды. Әйелде жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы ауруы болған, ол тіркелген жері бойынша диспансерлік есепте тұрған», – деп хабарлады комитет өкілдері ресми сауалға жауапта.
