Атырау облысыЖаңалықтар

«Мигранттармен жұмыс жасаған дұрыс»: Атырау облысында көктемгі жұмысқа өзбек азаматтарын шақырды

0
(0)

Атырау облысында өзбек азаматтары көбейді. Әкімдік көктемгі дала жұмыстарына көрші елден тағы 600 адам алдыртыпты. Арзан жұмыс күші негізінен мал бағып, егін шаруашылығымен айналысады. Олардың ішіп-жемі, жатын орны мен жол-пұлы да тегін. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір Өзбекстаннан келген қара жұмысшылар шаруа қожалықтарында жұмыс істеп жатыр. Ал облыста пандемия кезінде жұмыссыздық деңгейі екі есе өскен. Бірақ екі қолға бір күрек таппай сенделіп жүрген жастар қара жұмыстан қашады. Көрші елден келген азаматтар білек сыбана бірден іске кіріскен. Егіншіліктің қыр-сырын жетік меңгергендердің айлығы 100 мың теңгеден асады. Жұмыс күрделенген сайын жалақы да көбейіп отырады. Алыстан арқаланып жеткен 600 адамның әрбірінің жол шығынына 220 мың теңге жұмсалыпты. Ол қаражатты жалшы ұстайтын шаруа қожалықтары өз мойнына алған

 Ақтұрлан Ерманов, шаруа қожалығының атқарушы директоры

Бұлардың бір жақсысы – алаңдамайды. Сенің айтқан тапсырмаңды мезгілінде орындайды.Науқанда керек уақытында,  суару жағдайы, малдың қырқым жұмыстарда жергілікті жігіттер жұмысты тастап кете береді. Амал жоқ. Жиын кезінде жастарды, әйелдерді де шақырамыз. Келеді, бірақ олар шет елден келген мигранттардай еңбек етпейді.

Қазір облыстағы егін шаруашылығында жүргендердің 70 пайызы шетелдіктер. Ал атыраулықтардың зейнетінен бейнеті көп жұмысқа барғысы жоқ. Себебі: айлығын азсынады. Тіпті жергілікті әкімдік өзге облыстардан жұмыс күшін таруға талпынған екен. Алайда ешкім келуге ниет білдірмепті. Амалдың жоқтығынан егін егуге ерінгендердің орнын мигранттармен толтырып жатырмыз дейді әкімдік. Облыста тіпті кәсіби мамандар да тапшы.

Қайрат Нұрлыбаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары

Облыс әкімі арнайы грант бөліп, ауылшаруашылығы мамандарын дайындауға талпынып отыр. Өкініштісі, облыста 2-3 бала тілек білдірсе, оның өзі грант алуға тиісті шекті балл жинай алмай отыр. 1-2 шаруашылық аграномды оңтүстіктен әкелді. Бірақ оның көпшілігігі шақырсақ, келмей отыр. Облыс әкімшілігі алдағы күндері Атырауға тағы бір топ Өзбекстан азаматын әкелеміз дейді. Қазір қала тазалығы Қарақалпақстаннан келген жұмысшылардың мойнында. Яғни сырттан келген 70 адам қазір көше сыпырып жүр. Ал жергілікті тұрғындар, мұндай жұмысқа арланады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button