ӘлемдеЖаңалықтар

Қазақстан ең бай адамдар санының өсуі бойынша рейтингте нешінші орын иеленді?

5
(1)

Қазақстан ең бай адамдар санының өсуі бойынша елдерінің рейтингінде Америка Құрама Штаттарын басып озып, 7-ші орынға ие болды.

Knight Frank-тің 2021 жылға арналған зерттеулеріне сәйкес, өте бай адамға дәулеті 30 миллион доллардан (шамамен 12,586 миллиард теңге) асатын немесе оған тең болатын адам жатады.

Материалда коронавирус пандемиясына қарамастан, әлемдегі өте бай адамдардың саны өткен жылы 2,4 есеге өскені сөз етілген. Қазіргі уақытта олардың саны 520 мыңнан асады. Ең жоғары өсім қарқыны Азияда орын алуда, онда ауқаттылар саны 12 пайызға өскен. 2020 – 2025 жылдарға арналған болжамға сәйкес, Қазақстан бай адамдардың өсімі ең жоғары сегіз елдің қатарына кірді: республика 33 пайызбен 7-ші орынды иеленді, еліміз бұл көрсеткіш бойынша 24 пайызды ғана иеленген АҚШ-ты басып озып отыр.

Бірінші орынды Индонезия (67 пайыз), екінші орынды Үндістан (63 пайыз), үшінші орынды Польша (61 пайыз) иеленді. Зерттеушілер ең бай адамдардың саны 2025 жылға қарай тағы 27 пайызға өсетінін атап өтті. Олардың дені – 254 мың адам немесе 38 пайызы – АҚШ-та тұратын болады деп болжануда. Сонымен қатар, Азияда 25 пайыз өсім немесе шамамен 30 миллион доллардан астам байлығы бар 169 мың адам болады – бұл Еуропадағы көрсеткіштерге тең келеді.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев еліміздің экономикасы қандай жағдайда екенін айтып берген болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button