ЖаңалықтарСайлау 2021

Орталық сайлау комиссиясында сайлаудың қорытындысы жарияланды

0
(0)

Орталық сайлау комиссиясында 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындысы жарияланды, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Парламент сайлауының қорытындысы:

Nur Otan партиясы – 71,09 пайыз;

«Ақ жол» партиясы – 10,95 пайыз;

Қазақстан Халық партиясы  – 9,10 пайыз;

«Ауыл» партиясы – 5,29 пайыз;

ADAL партиясы – 3,57 пайыз.

Сонымен Мәжілісте Nur Otan партиясында 76 депутаттық мандат, «Ақ жолда» 12 депутаттық мандат, Қазақстан Халық партиясында 10 депутаттық мандат, Қазақстан халқы ассамблеясында 9 депутаттық мандат бар.

Айта кетейік, 2021 жылғы 10 қаңтарда республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы алды.

Сондай-ақ 10 қаңтарда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері жарияланған болатын.

Мәжіліс депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері былай бөлінді:

Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – 9,03 пайыз дауыс;

Nur Otan партиясы – 71,97 пайыз дауыс;

«Ауыл» партиясы – 5,75 пайыз дауыс;

«Ақ жол» партиясы – 10,18 пайыз дауыс;

ADAL саяси партиясы – 3,07 пайыз дауыс.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button