Жаңалықтар

Қазақтан шыққан үш ғарышкердің өмірлік серіктері туралы не білеміз?

0
(0)

12 сәуір- халықаралық ғарышкерлер күні. Дүниежүзі бойынша алғаш рет ғарышқа аттанған ол-Юрий Гагарин болатын. Дәл осы Кеңес одағының батырына талай қазақ баласы еліктеп өсті. Егемендік алғаннан бастап Қазақстан үш батырын ғарышқа ұшырды. Олар – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов.
1.Тоқтар Әубәкіров
Ғарышкердің жұбайының есімі – Татьяна. 40 жылдан аса отасқан өмірлік жары туралы: “біз бір-бірімізді таптық. Көп жылдан бері қол ұстасып келе жатырмыз. Бүгінге дейін мен ол кісісіз тыным тауып отыра алмаймын. Бір-біріңді қадірлеу керек. Сенің мінезіңе лайық, сенің ойыңда жүретін, сені әрдайым қолдайтын жан болуы керек. Сенікі дұрыс емес екенін түсінсе де, сенің қасыңдамын деп айту керек. Татьяна менің қасымда келе жатыр”, – дейді Тоқтар Әубәкіров. Екеуінің Тимур және Михаил есімді екі ұлы бар. Екі ұлынан үш қыз, бір ұл немере сүйіп отыр. Немересінің есімін өзіне ұқсатып Тоқтар қойған екен. Толық есімі Тоқтар Тимурұлы Әубәкіров.
2.Талғат Мұсабаев
Елімізден екінші рет ғарышқа аттанған батырымыз Талғат Мұсабаевтың жары Виктория Вольдемарқызы өзінен бір жас кіші. Лацис тегін Мұсабаева деп ауыстырған. Мамандығы тіс дәрігері. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Ұлы Мұсабаев Талғат ішкі істер министрлігінде қызмет атқарады. Қызы Кәмилә Талғатқызы 1981 жылы туған.
3.Айдын Айымбетов
Айдынның жұбайы – Лилия Байқоңыр қаласының тумасы. Ол бұрынғы Ленинск (қазіргі Байқоңыр) қаласында дүниеге келіп, сонда орта мектепті бітірген және содан кейін отбасымен бірге Талдықорған қаласына көшіп келген. Осылайша отбасылар көрші болып жайғасып, танысады. Дегенмен, Айымбетовтың әйелінің аты орысша болғанымен, тегі қазақ.
Айымбетовтер отбасының үлкені Әмір. Одан кейін Диана және Даяна есімді қыздары өсіп келеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close