ЖаңалықтарСпорт/Шоу-Биз
Елеусінов пандемия аяқталған соң әлемнің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгомен жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Cпорт порталының мәліметінше, кездесу 17 сәуірде АҚШ-та өтуі керек болған, алайда пандемияға байланысты кездесу кейінге қалдырылған.
«Құдай қаласа бұл жекпе-жек алдағы уақытта өтеді…Бүкіл әлемді шулатқан пандемия Алланың қалауымен өтіп кетсе осы жекпе-жекке дайындаламыз… This fight will take place. Let it all be over.Be safe …” , – деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.