Жаңалықтар

Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі Қазақстан ғалымдарын кәсіби мерекесімен құттықтады

0
(0)

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының ғылым саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, игі тілегін білдірді.

“Құрметті ғылым саласының қызметкерлері!

Барша ғалымдарды, ғылыми ұйымдардың қызметкерлері мен ізденіс жолындағы жас мамандарды Қазақстан Республикасының ғылыми қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде бүкіл әлем жұртшылығы алмағайып кезеңді бастан кешуде. Мұндай қауіп-қатерден адамзат баласы тек дамыған ғылым мен терең білімнің арқасында қорғана алатынына баршамыздың көзіміз жетіп отыр. Осыған орай алдағы уақытта ғалымдарға деген сенім жүгі мен үміт ұшқыны арта түспек. Бұл өз кезегінде ғылыми интеграцияның да маңызы арта түсетінін көрсетеді.

Түбі бір туыс елдердегі зерттеу жұмыстарын үйлестіріп, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты нығайта түсуді көздейтін Халықаралық Түркі академиясы Қазақстан ғалымдарының да игі бастамаларына барынша қолдау көрсетіп келеді.

Биыл құрылғанына 10 жыл толатын академияның 150-ден астам ғылыми еңбекті жарыққа шығарып, бірқатар ауқымды халықаралық жобаларды жүзеге асыруы Мемлекет басшылары тарапынан ғылымның дамуына айрықша көңіл бөлініп отырғанының көрінісі.

Түркі академиясы алдағы уақытта да туыс елдердің ғалымдары арасына дәнекер болып, бауырластық байланыстар мен бірлескен ізденістерді қолдай беретін болады.

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, әріптестер!

Еңбектеріңіздің табысты болуына тілектестігімді білдіремін.

Құрметпен,

Халықаралық Түркі академиясының президенті

Дархан Қыдырәлі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close