ЖаңалықтарСпорт/Шоу-Биз

Ресейлік әнші Татьяна Буланова инсульт алды

0
(0)

51 жастағы Ресейлік әнші Татьяна Буланова Санкт-Петербургте инсульт алды деген болжаммен, ауруханаға жатқызылған деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Риа Новости басылымына сілтеме жасап.
Әншінің жағдайы қалыпты, әрі есін білетінін жазған. Сондай-ақ ол барлық медициналық тексерістерден өтуі керек. Содан кейін ғана оған тиісті ем-дом жасалынады. Әнші соңғы кездері қан қысымы жиі көтерілетініне шағымданған. Оған басты себеп үздіксіз гастрольдер, түсірілімдер болуы мүмкін.
Еске сала кетсек, 2004 жылы Ресейдің халық әртісі атағы берілген болатын. Татьяна Буланова 90 жылдарда махаббат әндерін орындап, көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close