42 500 теңге. Өтініш статусын тексеретін арнайы қызмет түрі пайда болды

 2,196 

42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем бойынша берген өтініштің статусын енді 42500.enbek.kz сайтынан көруге болады.

Бұл туралы Президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі Бағдат Мусин Instagram желісіндегі парақшасында айтты, – деп хабарлайды  NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өтініш статусын тексеру үшін:

1) 42500.enbek.kz сайтына кіріп;

2) «Өтінім статусын тексеру» батырмасын басып;

3) ЖСН мен жеке куәліктің нөмірін теріп;

4) «Мен робот емеспін» және «Тексеру» батырмаларын басу керек.

Мусиннің айтуынша, өтініштің статусы бірнеше сәтте-ақ көрсетіледі. Бір құрылғыдан үш өтініштің статусын қарауға болады дейді.

 

Бөлісу:


Және де: