Жаңалықтар

Сұмдық! Қазақстандықтар үшін жоспарланған жаңа ипотекалық бағдарлама кейінге қалдырылды

Мемлекет азаматтарға екінші деңгейдегі банктердің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жоспарлаған жаңа ипотека 2023 жылдың екінші тоқсанына ауыстырылды, деп newsroom.kz хабарлайды stan.kz дереккөздеріне сілтеме жасап.

“2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру үшін қаржы министрлігіне 24,5 миллиард теңге сомасына бюджеттік өтінім жіберілді”, – деп мәлімдеді министрлік.

Алайда қаржы министрлігі өтінімді қолдамады. Ол 2023 жылы республикалық бюджетті нақтылау кезінде қайта тапсырылады. Егер өтінімге қолдау көрсетілсе, субсидиялау жөніндегі тетікті іске қосу 2023 жылдың екінші тоқсанында жоспарланады.

«Жаңа ипотека» деп аталатын ипотеканы субсидиялау тетігі осы жылдың көктемінде 12%-дық төмендетілген мөлшерлемемен орта тапқа арналған бағдарлама ретінде таныстырылды.

Ипотеканың алғышарттары:

Несиелеу мерзімі – 20 жылға дейін.

Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы.

Мақсаты – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы»АҚ кепілдігімен қамтамасыз етілген бастапқы немесе салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу.

Қарыздың ең жоғары сомасы:

Астана мен Алматыда – 35 миллион теңгеге дейін;

Ақтау, Атырау, Шымкент – 25 миллион теңгеге дейін;

Қарағанды – 20 миллион теңгеге дейін;

басқа өңірлерде –15 миллион теңгеге дейін.

Фото: liter.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.