Жаңалықтар

Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істейді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істейтінін айтты, – деп newsroom.kz хабарлайды tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

«Адамдар жұмысқа орналасу мақсатында келеді, жұмыс істеп жатқандарын айтады, бірақ біз 10 пайыздық шегерім бар ма, соған сүйенеміз. Егер ол болса, онда нақты жұмыс орындары бар. Бүгінде Қазақстан аумағында Ресей Федерациясының 22,5 мың азаматы жұмыс істеп, зейнетақы жарналарын аударып жатыр. Оның ішінде 2022 жылдың басынан бері 8 мың адам жұмысқа орналасқан», – деді министр.

Оның айтуынша, жұмысқа орналасқысы келетіндер арасында ең танымалы – қызмет көрсету саласы.

«Олар негізінен қызмет көрсету саласына келеді, бұл – 72 пайыз. Өнеркәсіп – 16 пайыз, шамамен 9 пайыз – құрылыс, 2 пайыз – ауыл шаруашылығы. Кәсіптердің ішінде бухгалтер, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджерлер, сатушылар, тасымалдаумен айналысатын адамдар, жүргізушілер бар. Бұл шамамен топ-5 мамандық», – деді Тамара Дүйсенова.

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.