Жаңалықтар

Салтанат Тұрсынбекова президентікке кандидат ретінде ұсынылды

Салтанат Тұрсынбекова «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Ұйым мәліметінше, 11 қазанда Астанада «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өтіп, онда президенттікке кандидат ұсыну мәселесі қаралған.

«Жиналысқа қатысушылар белгілі қоғам қайраткері, құқық қорғаушы Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызын алдағы Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидат ретінде ұсынды. Бірлестік басшысы Айнұр Жүгінісова Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы ана мен баланы қорғауға, отбасы институтын нығайтуға, ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттауға белсенді атсалысып жүргенін айтты», – делінген хабарламада.

Салтанат Тұрсынбекова көптеген жылдар бойы азаматтық құқықтар, әсіресе әйелдер мен балаларды қорғау туралы мәселе қозғайды. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласында ерекше белсенді.

Астана қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ, «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының жетекшісі болды. Ол 1966 жылы Жамбыл облысында туған, отбасылы, 2 бала тәрбилеп отыр. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 30 жылдан асады.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.