Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы қыздың Дубайда өлі денесі табылды

0
(0)

Мына суреттегі қарындасымыздың денесі Дубайда өлі күйінде табылыпты. Бүгін Assem Kabylbekova хабарласқанда естідім деп жазады танымал қазақстандық спорт журналисі Бек Төлеуов өзінің фейсбук парақшасында.

Есімі Умида Сабырова. 2000 жылы туған,
20 жаста.

Жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналысқан.

200,400 метрге жүгіруге дағдыланған. Осы орта қашықтық бойынша жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогының иегері. Соңғы рет 2019 жылы 4х400 метрлік эстафета бойынша жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен.

Спортшының туыстары қылмыстық оқиға орын алғанын жоққа шығармайды. Сондықтан тергеу жұмыстарын жүргізу керек деп отыр.

Қайтыс болған қыздың әпкесі Манзура Сабырова сіңілісін биіктен лақтырып жіберген деп отыр. Тренеріне де хабарласып көрдік.

Умида дубайға еріккеннен кетпеген.

Менің сіңілім Умида 2000 жылы дүниеге келген. Алматыдағы 121 мектепті үздік бітірген.Жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналысты.Алған жүлделері өте көп. Колледжде аудармашы мамандығы бойынша грантта оқыды. Ата-анамызға салмақ түсірмей, барлығына өз күшімен жетуге тырысатын. Оның үстіне, әке-шешеміздің университетте оқытуға мүмкіндігі болмады. Сосын өз бетімен ағылшын тілін оқып, жұмысқа тұруға тырысты. Қазақстанда бірнеше кастингтен өтіп, былтырғы жылы Дубайға хостес ретінде жұмысқа кетті, – дейді Манзура.

Оның айтуынша, сіңілісі оқуға ақша жинап,жартысын тіпті ата-анасына жіберген. Анасын Дубайға демалуға да шақырған. Алайда наурыз айында қоңырау шалып, елге қайтқысы келетінін білдірген.

16 наурызда хабарласты. Бір жағдай болғаны белгілі. Оны біреу андып жүрген, қорқатынын айтты. Бізге алып кетуімізді өтінді. Бірақ карантинге байланысты барлығв жабық болғандықтан қолымыздан келмеді.Ал кеше қайтыс болғанын хабарлады. Өлтіріп кеткен деп айтты. Денесін сол жердегі құрбысы тауып алған, – дейді Манзура Сабырова.

Енді оның денесін туған жердің топырағына табыстау үшін елге әкелу маңызды болып тұр. Алайда карантиндік шараларға байланысты екі елдің де шекарасы жабық. Ал эвакуациялық рейстің құны қымбат. Оған бұл отбасының шамасы келмейді. 12 мамырда ұшатын Fly Dubai әуе компаниясының рейсі 7000 доллар екен.

Мен өзім көпбалалы анамын, ешқандай көмек ала алмай отырмын. Тіпті, мемлекеттің беріп жатқан азық-түлік себеті де бізге бұйырмады. Отбасымда әкем ғана жұмыс істейді, – дейді Манзура.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close