Жаңалықтар

Тағы 7 қалаға әуе рейстері қатынайды

0
(0)

Бүгіннен бастап еліміздің тағы жеті қаласына әуе рейстері ашылады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгіннен бастап Президентіміздің шешімімен еліміздің жеті қаласында – Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Тараз және Талдықорғанда әуе рейстері жанданады. Сондай-ақ, ұшу үшін жолаушылардың ПТР-тест тапсыруы қоғам наразылығына ұшыраған еді. Бүгіннен бастап бұл талап та алынып тасталды, – деді Ералы Тоғжанов.

Бұған дейін, 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматының арасында әуе рейстері ашылған болатын. Ал 4 мамырда осы екі қаладан Өскемен, Қызылорда, Петропавл мен Семейге жолаушы қатынай бастады.

Сонымен қатар, ол спорттық жаттығуларға рұқсат берілгенін, бірақ бұқаралық жарыстар өткізуге болмайтынын айтты.

Спорттық жаттығулар мен мәдениет қызметкерлерінің дайындық жұмыстарына рұқсат беріледі. Бірақ кез келген бұқаралық шараға тыйым салынады. Жұмыс істейтін ата-аналар үшін балабақшаларда кезекші топтар жұмыс істейді. Онда барлық санитариялық талаптар сақталады, – дейді вице-министр.

Айта кетсек, бүгін ҚР Президенті Төтенше жағдай режиміне қатысты мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысының мәлімдемесін түсіндіріп өткен премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин әлі де жалғасатынын айтты. Сондай-ақ, ол мектеп бітіруші түлектерге соңғы қоңырау соғуға рұқсат берілгенін атап өтті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close