Жаңалықтар

Тарих қайталанады: Путин Росгвардия құрамында казактардың бөлімшелерін ашуды құптады

Естеріңізге сала кететін жайт, Чайка бұл ұсынысты наурыз айында айтқан.

Путин Росгвардия құрамынан казактардың бөлімшелерін ашуды құптады деп мәлімдеді оның Солтүстік-Кавказ федералдық округіндегі өкілетті өкілі Юрий Чайка.

Бұл туралы ria.ru сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

Нальчикте өткен казактардың «Казачье единство — 2021» Еуразиялық форумында сөйлеген сөзінде Ю.Чайка президентке тиісті ұсыныс жіберілгенін, В.Путиннің бұл бастаманы қолдағанын айтқан.

«Казактардың батальоны, полкы болады. Ол тек казактардан құралады. Орналасу аймағы казактар тұратын өлкеден таңдалады» – деген Ю.Чайка өз сөзінде.

Естеріңізге сала кететін жайт, Чайка бұл ұсынысты наурыз айында айтқан. Ол кезде ол казактар Росгвардия немесе Қорғаныс министрілігімен байланыс орната алады деген.

70 жастағы Юрий Чайка ресейдегі ауыр салмақты саясаткерлердің бірі. 1999-2006 жылдары әділет министрі, 2006-2020 жылдары РФ Бас прокуроры лауазымын атқарған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.5 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.