Жаңалықтар

Сенім мен сабақтастық

0
(0)

Осыдан тура екі жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ант беріп, Мемлекет басшысы қызметіне кіріскені белгілі.

Сонда сенімге серт бере тұрып, Прези­дент Қасым-Жомарт Кемелұлы қаймана хал­қымен бірге үкілі үмітпен парасат биі­гінен ұлттың жаңа болмысын қалып­тас­тыруға негіз болатын соны бағдарламасын жария етті.

Ол «Сабақтастық. Өр­леу. Әділдік» еді. Дәл осы асыл мұрат, ізгі қағидат бо­йын­­ша өткен екі жылдағы еліміздің қол жет­кі­з­ген қомақты табыстарын бағалап, сара­лау­ға болады. Шын мәнінде, Елбасының ел үшін небір то­сын сыннан сүрінбей өткен текті тұл­ғаны таң­дауын және Қазақстан халқының жоға­ры сенімі толығымен ақталғанын уақыт дәлелдеп отыр.

Әрине, өткен екі жыл еліміз үшін оңай бол­ған жоқ. Арыс, Қордай және Мақтаарал­дағы қайғылы оқиғалар, бүкіл әлемді шарпы­ған СOVID-19 пандемиясы және соның сал­­­дары­нан туындаған экономикалық дағ­дарыс. Осындай күрмеуі қиын күрделі кезең­ге қарамастан, Президент байсалды қал­пы­мен баянды бастамаларды жүзеге асыр­ды. Ұлттық кеңес құрылып, ел үшін өзек­ті мә­селелер қолға алынды, Президенттік кадр­лық резерв жасақталды, мұғалімдер мен дәрі­гер­лердің жағдайын жақсарту бойынша шара­лар қабылданды. Президенттің кадрлық шешім­дері меритократия қағидатының көрнекі үл­гісі болды. Демократиялық про­цес­тер­дің дамуын жеделдетуге және Қазақ­стан­ның саяси жүйесін реформалауға бағытталған бір­­қатар заңға өзгерістер мен толықтырулар ен­­гізіл­ді. Бұл ретте, сайлау туралы және жер жө­­нін­дегі даулы мәселеге нүкте қойған тағ­дыр­­шешті заңдарды айрықша атауға болады. Осы­лай «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­рымдамасы нақты жүзеге аса бастады.

Пандемияның нағыз қысып тұрған шағын­да дағдарыс жағдайына қарамастан, жаңа ауруханалардың құрылысын қамтамасыз етті. Халықтың аз қамтылған топтарын қолдау шаралары шұғыл жүзеге асырылды, осылайша мемлекет өз азаматтарын қиындықта қал­дыр­майтынын көрсетті. Сондай-ақ азамат­тарға өздерінің зейнетақы жинақтарын жыл­жы­­май­тын мүлік сатып алу немесе емделу ақы­сын төлеу үшін пайдалануға мүмкіндік беру ту­ралы шешім мемлекеттің адамдардың әл-ауқа­тына қамқорлықпен қарайтынының, халық үшін дағдарыстың салдарын барынша жеңіл­детуге ұмтылысының айқын көрінісі бол­ды. Әлем­дегі жағдай баршаға белгілі және біз­дің са­лыс­тыруға тұрарлық жақтарымыз бар.

Гуманитарлық салада да маңызды бастамалар сәтті жүзеге асырылды. Ұлық Ұлыстың 750 жылдығын, Абайдың 175 жылдық мерейтойын, сондай-ақ әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өттік. Бұл тойлар ұлттың жаңа болмысын қалып­тастыру мақсатында, ысыраптан ада, даң­ғазадан аулақ, рухани кемелдену бағы­тында, құндылықтарды жаңғырту райында ұйым­дастырылды. Ел билігі жоғарыда атал­ған бастамаларды ауыр экономикалық жағ­дайларға қарамастан жүзеге асырды. Жалпы, Президенттің әдебиетке, өнерге, шығармашылықтың дамуына көңіл бөлетіні назарға алдымен ілінеді, онсыз ұлттың рухани дамуы мүмкін емес екені анық.

Түрлі болжамдарға қарамастан, сыртқы сая­сатта да іргетасын Елбасы қалаған көпвек­тор­лы бағыттың сабақтастығы сақталды. Қазақстан өзінің стратегиялық серіктес­­тері­мен, әуелі өзінің ұлттық мүдделерін ескере отырып, сындарлы ынтымақтастықты да­мы­туды жалғастыруда. Қазақстанның ха­лық­аралық беделі ұдайы өсіп келеді. Бұл орайда 2021 жылдың 31 наурызында өткен Түркі Кеңесі мемлекеттері басшыларының Сам­митін атап өткен жөн. Елбасының баста­масымен тарихи Түркістан қаласын Түр­кі әлемінің рухани астанасы деп жариялау еліміздің халықаралық беделін одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды. Қ.Тоқаевтың ЕАЭО елдерінің көш­бас­шы­ларына үндеуі Еуразиялық ынтымақ­тас­тық­тың таяудағы бес жылға арналған негізгі бағыттарын айқындап берді.

Елдің бірлігін сақтап, ізгілік пен рухани үндестікке серпін беру Қасым-Жомарт Тоқаев президенттігінің екі жылындағы ең басты жетістік деп санаймыз. Аспай, саспай, «ақырын жүріп анық басқан», сенімге серт берген, байыпты байламмен, берік ұстаныммен болашаққа батыл бет түзеген Президенттің Елбасы жолын жарасыммен жалғастырып, сәтімен сабақтастырып, «саяси жаңғырудың қазақстандық моделін» сымбаттай түскені байқалады. Таяуда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы­ның өкі­леттігін Қ.Тоқаевқа тапсыруы да осы үй­ле­сім мен үндестіктің үздік үлгісі іспетті. Сон­­­дықтан сабақтастық салтанатымен ұлтты ұйыс­тыра түскен ұлағатты жол елдің жарқын бола­шаққа деген сенімін де еселей түседі.  

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ
Дереккөз: Egemen Qazaqstan

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button