Жаңалықтар

Қазақстанның алты облысында жолдар жабылды

0
(0)

 

Қазақстанның алты облысында жолдар жабылды.

Құтқарушылар қазақстандықтарды ауа райының өзгеруін бақылауға, барлық сақтық шарасын сақтауға шақырды. Боран болып, жолдың көрінбеуіне байланысты бірнеше жолда көлік қозғалысы тоқтатылды:

  • Қарағанды облысында сағат 8:30-да Жезқазған – Петропавл (65-138 шақырым), Жезді – Ұлытау.
  • Қостанай облысында Екатеринбург – Алматы (686-729 шақырым), Сарыкөл – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы.
  • Солтүстік Қазақстан облысында Екатеринбург – Алматы (729-768 шақырым), Қостанай облысының шекарасы – Тоқсан би ауылы.
  • Ақмола облысында Жезқазған – Петропавл (377-440 шақырым), Қостанай облысының шекарасы – Державинск.
  • Павлодар облысында Омбы – Майқапшағай (191-390 шақырым), Ресей Федерациясының шекарасы – Мичурино.
  • Ақтөбе облысында Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай (89-234 шақырым), Т.Жүргенов ауылы – Қостанай облысының шекарасы.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button