ЖаңалықтарҚоғам

Елімізде әрбір 10-шы тұрғыны кедей өңір анықталды

1
(1)

Түркістан облысы Қазақстандағы ең кедей өңір атанды. Сарапшылардың айтуынша, ондағы әрбір 10-шы тұрғын кедей. Бұл өңір елдегі ең тығыз қоныстанған аймақтың бірі болып саналады.

2020 жылдың төртінші тоқсанының соңына қарай Түркістан облысында 2 миллионнан аса тұрғын есептелді, бұл қазақстандықтардың жалпы санының 10,8 пайызы. Аймақ туу көрсеткіші бойынша да көш бастап тұр. Бұл туралы Finprom.kz сарапшылары жазды.

2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Түркістан облысында жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 729,2 мың теңге болды. Бұл еліміздің барлық өңірі арасында ең төменгі көрсеткіш, орташа республикалық көрсеткіштен 70,2 пайызға төмен.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, еліміздің барлық өңірінде жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз тұр немесе төмендеген, ал Түркістан облысында – бір тоқсанда өскен, қазір жұмыссыздық 5,3 пайыз. Сарапшылардың пікірінше, бұл Қазақстан бойынша нашар мәндердің бірі.

«Түркістан облысындағы кедейлік деңгейі де елдегі ең жоғары. Өңірте табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халық үлесі 11,2 пайыз. Бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 2 есеге жуық артық.

Облыста кедейлік шегінде тұрған 229 мыңға жуық адам бар. Бұл аштық пен дұрыс тамақтанбау, білімге және басқа да негізгі әлеуметтік қызметтерге қол жеткізе алмау, әлеуметтік дискриминация мен оқшауланудан байқалады», – деп жазады Finprom.kz.

«Түркістан облысында жұмыссыздық пен кедейдік жағдайы нашарлап жатқанына қарамастан, әкімдік халықты қолдауға аз көңіл бөледі. Мәселен, 2020 жылы облыс бюджетінде әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған шығындар 45,1 пайызға, яғни 50,9 миллиард теңгеге дейін қысқарды.

Жалпы, өңірде халықты қолдауға немесе оның табысын арттыруға емес, қаланың өзін жайластыруға көбірек көңіл бөлінеді және оған қаражат та солай бөлінеді. Халықаралық әуежай, халықаралық деңгейдегі қонақүйлер салынып жатыр, жолдар қайта жөнделді. Сонымен бірге, бұл жерде халықты жұмыспен қамту проблемалары өршіп барады: 2020 жылдың төртінші тоқсанында жұмыссыздар саны 44 мың адам болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6 пайызға көп», – деп толықтырды сарапшылар.

Түркістан облысында кедейліктің жоғары болуы мен өмір сүру деңгейінің төмендігінен тұрғындар өңірден жиі көшіп кететіні хабарланды. Басылым мәліметінше, 2020 жылы 107,5 мың адам көшкен, ал көші-қон сальдосы 19,7 мың адам. Бұл ел өңірлері арасындағы ең нашар көрсеткіш екені атап өтілді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button