ЖаңалықтарЭкономика

Министр еліміздің экономикасы қандай жағдайда екендігін айтты

0
(0)

Қазақстанда ақпан айында жалпы ішкі өнім минус 2,9%-ті құрады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.

Министр биыл қаңтар-ақпан айында макроэкономикалық көрсеткіштерде оң үдеріс байқалғанын атап өтті.

«Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қаңтардағы минус 4,5%-тен қаңтар-ақпанда минус 2,9%-ке дейін жақсарды», – деді Ерғалиев үкімет отырысында.

Жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталған.

Кен өндіру өнеркәсібін қоспағанда, нақты секторда өсім 6,3%-ке дейін жеделдеді. Негізгі капиталға инвестиция 13,3%-ке артты.

Жалпы, оның айтуынша, кен өндіру өнеркәсібінен басқа, нақты сектордың барлық саласы тұрақты өсім көрсетті. Олар құрылыс, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау және ауыл шаруашылығы салалары. Сонымен қатар, ақпарат пен байланыс саласы 9,4%-ке өсті.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button