ӘлемдеЖаңалықтар

Наполеон Бонопарт пара алып, түрмеге түсті

1
(1)

Индонезияда Наполеон Бонапарт атты полиция генерал-инспекторы пара алып, түрмеге түсті. Бұл туралы Jakarta Globe хабарлайды.

Джакарта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сотының үкіміне сәйкес, құқық қорғау органының қызметкері 370 мың АҚШ доллары және 200 мың сингапурлық доллар пара алғаны үшін төрт жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Мұндай соманы полицей пара алды деген айыппен іздеуде болған ер адамға елге оралуға көмектескені үшін алған.

Генерал Бонапарт өзіне тағылған барлық айыптауларды теріске шығарып, оларды қудалау деп атады және үкімге шағымдануға ниетті.

«Отбасымның абыройына нұқсан келтіргеннен гөрі өлгенім артық», – деді ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button