Жаңалықтар

Жоғарғы соттың судьясы пара алу үстінде ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласында жоғары сот судьясы Мейрам Жанғұттинов ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік пен жоғары соттың ішкі қауіпсіздік қызметі белгілі бір уақыт ішінде бірлескен іс-шаралар жүргізген. Нәтижесінде, 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында ірі көлемдегі ақша алу кезінде жоғарғы сот судьясы ұсталды.

Қаражат оның жоғары сот кеңесінде жұмыс істеген кезінде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын басқа сотқа ауыстыруға жәрдем көрсеткені үшін берілген. Осы уақытта Түркістан қаласында ақшаны беріп жіберген аудандық соттың судьясы ұсталды», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.1 / 5. Бағалар саны: 82

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.