Жаңалықтар

Депутат жауап берді: Бекболат Тілеухан шетелге қару сатты ма?

4
(2)

Бекболат Тілеухан Facebook парақшасында өзін «шетелге қару сатып жүр» деп айыптағандарға жауап берді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуына қарағанда, үстінен жала жауып отыр. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар деп те айыптаған.

«Әлеуметтік желілерде менің атыма жала жабылған видео тарап жатыр. Бейнежазбада менің және басқа да бірнеше азаматтың аты айтылып, ұйымдасқан қылмысқа қатысты етіп көрсетеді», – дейді ол.

Әлеуметтік желілерде менің атыма жала жабылған видео тарап жатыр.Бейнежазбада менің және басқа да бірнеше азаматтың аты айтылып, ұйымдасқан қылмысқа қатысты етіп көрсетеді.Осыған орай, абырой-беделіме нұқсан келтіретін жалған ақпарат беруші – видеодағы тұлғаларды анықтап, тексеріп, олардың жасаған әрекеттері үшін заң алдында қатаң түрде жазалануын сұрап, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне шағым түсірдім.Сондай-ақ, осы жалған ақпаратты таратушыларды анықтап, қатаң шара қолдануды сұрадым.

Опубликовано Бекболатом Тілеуханом Четверг, 10 сентября 2020 г.

Сондай-ақ Бекболат Тілеухан Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі мен ішкі істер министрлігіне видео авторларының үстінен шағым түсірген.

«Осыған орай, абырой-беделіме нұқсан келтіретін жалған ақпарат беруші видеодағы тұлғаларды анықтап, тексеріп, олардың жасаған әрекеттері үшін заң алдында қатаң түрде жазалануын сұрап, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне шағым түсірдім», – дейді депутат.

Желідегі видео

10 қыркүйекте әлеуметтік желіде Бекболат Тілеуханның Сирияға қару сатуға қатысы бар екені айтылған әуесқой видео тарап кетті.

Видеода қолға түскен азамат көлік ішінде отырып техника шығаруға және оны сатуға қатысы бар адамдардың атын атайды.

«Қазанда Ұлттық қауіпсіздік қызметімен бірге бір іс бастадым. Ерқанат Құсайынов астанада департаментте жұмыс істейді. Біз техниканы шығардық, тағы бір әскери адам бар. Мен ақша салып, әскери адамнан техника сатып аламын. Ерқанат та ақша салды», – дейді ол азамат.

Сонымен қатар ол азамат бұл іске Бекболат Тілеуханның да қатысы бар екенін айтады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close