Жаңалықтар

Ерікті: иттерді зорлау арқылы олар порнографиялық ролик түсірген

0
(0)

Елордада жаға ұстатарлық жайттың шеті ашылды. Қаладағы қаңғыбас иттерді ұстайтын мемлекеттік изоляторда төртаяқтылар зорланған. Сұмдық жайтты қаладағы еріктілер анықтап, қазір мұндай айуандыққа барғандарды таппақшы. Олар сондай-ақ «АстанаВетСервис» ұйымы жауапты изоляторда зорланған иттердің бұдан да көп бөлу мүмкін дейді. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасы сілтеме жасап хабарлайды.

Ел естіміген сұмдық Елордадағы дала кезген мыңнан астам итті бір жерге жинайтын «АстанаВетСервис» ұйымында анықталған. 6 қыркүйекте ерікті Юлия Печенко әдеттегідей изолятордағы төртаяқтылардың жайын тексеруге келіпті. Сол кезде көзім бірден бұрышта байланған, еш қозғалыссыз, қансырап жатқан бірнеше итке түсті, дейді.

Юлия ПЕДЧЕНКО, ерікті:

«Мен және тағы бір ерікті оларды мал дәрігеріне апардық. Ол төрт ит те зорланған деді. Өйткені, бұл айуандықтан кейін қалған із бен жара бәрінде бірдей. Мамандардың есебінше, иттерді 7 сантиметрлік құралмен қинаған».

Еріктілер тәлімбақтағы осындай қиянат жасау фактісі бұдан да көп болуы мүмкін, дейді. Сондықтан дұрыстап тексеріс жүргізу керектігін айтады. Мұндай айуандықта не итермелеуі мүмкін деген сұраққа жан-жануарға жаны ашитындар былай деп жауап қатты.

Юлия ПЕДЧЕНКО, ерікті:

«Біздің пайымымызша, иттерді зорлаудың бір себебі порнографиялық кино түсірген. Әбден қинаған, қансыраған. Сондықтан оларды байлап қойған».

«АстанаВетСервис» ұйымы қалалық әкімдікке қарайды. Оқиға орнына жеткен жергілікті билік өкілі әкімдіктегілер қосымша тексеріс жүргізетінін айтты.

Дәулет ДОСҚҰЛОВ, Қалалық ортаны бақылау және сапа басқармасының басшысы:

«Біз қосымша тексеріс жүргіземіз. Нәтижесі шыққан соң, жауаптылар табылады. Иттерді қинағандар, егер де ондайлар болса, барлық жайт дәлелденсе, толықтай өз жазасын алады».

Бірақ, еріктілер «Қарға қарғаның көзін шұқымайтынын» білеміз, дейді. Сондықтан өздері де қалалық полиция департаментіне арыз қалдырыпты. Алайда ондағылар бір тұтам қағаздың өзін әрең қабылдаған. Дегенмен, бұл жағдай қоғамдық резонас туғызғаннан кейін тергеу жұмыстары басталып кетіпті.

Эльмира ШӘУЛЕНОВА, қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

«Полиция департаменті аталған іс бойынша ҚР ҚК 316-шы бабы бойынша жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша алдын ала тергеу жұмыстарын бастады. Қазірде бұл фактінің мән-жайы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде».

Дегенмен, заңгерлер бұрын біздің қоғам естіп, білмеген мұндай сұмдық жайтқа барғандардың кінәсін дәлелдеу қиынға соғады, дейді. Тіпті, арам іске барған күдіктілер қолға түскеннің өзінде де толықтай зерттеу жүргізу керек-мыс.

Жалпы еліміздің Қылмыстық кодексінде жан-жануарға қиянат жасағандарды жазалау жағы біраз сұрақ тудырады. Мысалы, күдікті айыпты деп танылса, ол небәрі 50 күнге қамауға алынады немесе 800 мың теңге көлемінде айыппұл төлеп құтылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін енді жан-жуануарларды қорлағандарға жаза күшейтілмек. Құзырлы органдар заңға түзетулер енгізуде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close