Жаңалықтар

Жалған жарнаманың кесірінен жанарыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін

0
(0)

Жалған жарнамаға сенген жұрттың жанарына зақым келуде. Көру қабілетін 100 пайыз жақсартатын дәрі сатып, оңай олжаға кенелмек болғандардың арамза әрекеті жуырда әшкере болған. Алаяқтар еліміздегі көз аурулары институтының атын жамылып, тауарын саудалаған көрінеді. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Маржан ИСПАНҚҰЛОВА, қала тұрғыны:

«Екі жылдың көлемінде қайтадан кішкене ауыратын болып, анда-санда келіп тұрамыз. Осы бір жаңа препарат шықты дегеннен кейін соны сұрауға, ақыл-кеңес алуға келдім».

Жарнамасы жер жарған ресейлік препататты сатып алғысы келетіндер қатары көп. Олардың дені Көз аурулары институтына келіп, дәрігерлерден кеңес сұрайтын екен. Ол препарат елімізде ресми тіркеуден өтпепті. Әлі зерттелмегендіктен мамандар бағасы 40 мың теңге түратын дәріні алмауға шақыруда.

Алмитра БУЛГАКОВА, Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеулер институтының қызметкері:

«Осы жарнама шығып жатыр. Кім шығарғанын білмейміз. Ондай дәрі біздің институтта болған жоқ. Оны зерттеген жоқпыз. Науқастарға ұсынбаймыз оны».

Препаратты өндіруші компанияға хабарласып, оның әсері туралы сұрадық. Оның өкілінің айтуынша, ол дәрілік препарат емес екен. Оның көз жанарын қайтаратындай күші де, әсері жоқ екенін растады.

Татьяна, Фармацевтикалық компанияның өкілі:

«Бұл біріншіден дәрі емес, фито өнім. Көз тамшылары дәрілік препарат болып табылмайды. Негізгі емге қосымша ретінде жүреді. Дәрілік препараттар тізімінде жоқ. Өткізумен біз айналыспаймыз».

Ал дәріні жарнамалаушылар оның көз жанарын толығымен қайтаратынын айтады. Алайда, Көз аурулары ғылыми зерттеу институтының басшылығы оны қасақана қолдандырмай отыр деген ақпараттар таратуда. Бұған иланған жандар интитутқа келіп, сатуды талап етуде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close