Жаңалықтар

Коронавирустен көз жұмған 13 медқызметкердің отбасына өтемақы төленді

0
(0)

1,4 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирус және пневмонияны жұқтыруына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

COVID-19-бен күресуге тартылған 1 429 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды.

Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды. 11 қыркүйектегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 1 429 медицина қызметкеріне және аурудың салдарынан қайтыс болған 13 медицина қызметкері туыстарының өтініш бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (260) және Алматы қалаларынан (191), Алматы (119), Қарағанды (110) және Ақмола (110) облыстарынан жүргізілді.

Айта кетсек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына ағымдағы жылдың 22 шілдеде өзгерістер енгізілген.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

bahis Casino Siteleri Baymavi Экскурсии в Мармарисе Аренда яхт в Бодруме Аренда яхт в Мармарисе Аренда яхт в Турции экскурсия памуккале дальян экскурсия эгейские острова мармарис остров клеопатры мармарис дайвинг в мармарисе турецкая ночь Scroll Up
Close