Жаңалықтар

11 сәуірге ауа райы болжамы

0
(0)

Сәуірдің 11-і күні Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал етіп, күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік циклонның ықпалымен жауын жауып, күн күркірейді. Республиканың кейбір өңірлеріне тұман түседі.

Алматы облысының бірқатар өңірінде түнде және таң ата тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Түркістан, күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, Жамбыл облысында күн күркірейді.

Қостанай, Қарағанды, түнде және таң ата Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының бірқатар аумағында тұман түседі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close