Жаңалықтар

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетіп, орнына бизнесмен келді

«Қазақстан гольф федерациясының» жаңа президенті болып Иманғали Тасмағамбетовтің орнына кәсіпкер Берік Қаниев тағайындалды, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Берік Қаниев – қазақстандық кәсіпкер және қоғам қайраткері. Ол «Lancaster Group Kazakhstan» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ білім беру, спорт және экология саласындағы бірқатар әлеуметтік жобалардың құрылтайшысы. Олардың қатарында «Jas Qyran» футбол орталығы, Республикалық физика-математика мектебі, Физмат Эндаумент қоры және «Air Vision» экофонды бар. Сондай-ақ, меценат ретінде «IQanat» және «Аналар Үйі» жобаларын қаржыландырады.

Федерацияның жаңа президенті Қазақстанда гольфты дамытумен және насихаттаумен айналысуға ниетті. Сонымен қатар, осы олимпиадалық спорт түріне жастарды тарту үшін балалар мен жасөспірімдер гольфін дамытуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып былтырғы жылдың мамыр айында сайланған. Ол бұған дейінгі басшысы Нұртай Әбіқаевты алмастырған.

Елімізде гольф федерациясы 2006 жылы құрылған. Содан бері спорттың осы түрінен астанада гольф клубы ашылып, «Ambassador’sCup» турнирі өткізіле бастаған. Оған Қазақстанның саяси қайраткерлері, шетелдік бизнес-қауымдастықтың және елімізде тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысқан.

Фото: el.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.