Жаңалықтар

Петропавлда жолаушы автобус жүргізушісін буындырып, талдырып тастаған (видео)

Петропавлда жол ақысын төлемеген 67 жастағы қария автобус ішінде жүргізушіні талдырып құлатты деп newsroom.kz хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 8 сәуірде сағат 19:30 шамасында Петропавл қаласында 5 «М» бағытындағы автобуста жолаушы қажетті аялдаманы өткізіп алып, жол ақысын төлеместен автобустың ортасындағы есіктен шықпақ болған. Автобус Қизатов көшесіндегі аялдамада тоқтап тұрған кезде ер адам жүргізушімен және басқа жолаушымен жанжалдасып, бұзақылық әрекеттерін жасаған.

Осы факті бойынша облыс орталығының 67 жастағы тұрғыны ұсталды.

“ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады”, — делінген хабарламада.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.